Құрметті ақтөбеліктер!

Қаламызда «Менің Ақтөбем» байқауы жарияланды.
Байқауға ауласын көгалдандырған, абаттандырған кез келген тұрғын қатыса алады.
Байқаудың мақсаты – Ақтөбе қаласын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын әрі қарай жақсарту, сондай-ақ қала аудандарында абаттандыру саласындағы оң тәжірибені насихаттау.
Байқау жүлдегерлерін марапаттау үшін демеушілік қолдау тартылды. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1. «Көппәтерлі тұрғын үйдің үздік ауласы»:
1-орын – 1 млн. теңге;
2-орын – 500 мың теңге;
3-орын – 300 мың теңге.
2. «Аумағы абаттандырылған ең үздік кәсіпорын мен ұйым»:
1-орын – 300 мың теңге;
2-орын – 200 мың теңге;
3-орын – 100 мың теңге.
3. «Үздік аула сыпырушы»:
1-орын – 300 мың теңге;
2-орын – 200 мың теңге;
3-орын – 100 мың теңге.
4. «Үздік көрікті, абаттандырылған жеке үй»:
1-орын – 300 мың теңге;
2-орын – 200 мың теңге;
3-орын – 100 мың теңге.
5. «Көппәтерлі тұрғын үйдің үздік басқарушысы»:
1-орын – 300 мың теңге;
2-орын – 200 мың теңге;
3-орын – 100 мың теңге.
Конкурс екі кезең бойынша өтеді:
1) алдын ала (аудандық) кезең 2025 жылдың 1 сәуірі мен 20 шілдесі аралығында өтеді;
2) негізгі (қалалық) кезең 2025 жылдың 15-30 тамызы аралығында өтеді.
Байқауға қатысу үшін 31 наурыздан бастап өзіңіздің мекен жайыңыз бойынша аудан әкімдіктеріне барып өтінім бере аласыз:
– Астана ауданының әкімдігі (Сәңкібай батыр даңғылы, 145 Б).
41-64-65
– Алматы ауданының әкімдігі (Сарыжайлау көшесі, 70 Б (ЭКСПО ғимараты).
41-62-65