Мәдениет

Ақтөбеде жаңа театр салынады

Мәдениет ошағы облыс орталығының сәулетіне сән қосып, мәдениеті мен руханиятына дем бергелі тұр, деп хабарлайды «24kz».

Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының ғимараты өткен ғасырдың 40-шы жылдары салынған. Соңғы рет 5 жыл бұрын күрделі жөндеуден өтті. Қазір мұнда қазақ және орыс труппалары бар. Ортақ кесте жасақталып, қос ұжым бір сахнада кезекпен өнер көрсетеді.

«Біздер аптасына үш күн сахнада боламыз. Қалған үш күнді орыс труппасына берген кезде біздер тек репетициямен ғана айналысамыз. Ал көрерменмен жүздесетіндей, спектакль ойнайтындай мүмкіндік болмайды. Өйткені сахна бос емес», -дейді облыстық драма театры қазақ труппасының көркемдік жетекшісі БағдатТілеуғалиев.

Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев бұл мәселеден хабардар. Облыс әкіміне жаңа театр салуды тапсырды. Мамандар дереу іске кірісіп, қос сахнасы бар, заманауи ғимараттың сызбасын дайындаған. 700 орындық театр Алтын Орда шағын ауданында бой көтермек. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда жобаның 70 пайызға жуығы жасақталып тұр. Алдағы сәуір-мамыр айларында мемлекеттік сараптамаға кіріп одан кейін жазда құрылыс жұмыстары басталатын болады.

Қазіргі кезде облыс орталығында 4 театр бар.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button