Жаңалықтар

Жайсаңбай ауылына дейінгі жол қалпына келтірілді

Жол

Жолды қалпына келтіру жұмыстарына 5 бірлік техника және 35 адам жұмылдырылды.
Ауданаралық маңызы бар Ырғыз-Жайсаңбай бағытындағы автокөлік жолына ұзындығы 25,40 метр болатын 7 суағар құбыры салынған.
«Осыған дейін жолдың жағдайын айтып, жанайқайымызды жеткіздік. 4 ай бойы ауылға қатынау қиын болған еді. Бүгін, міне, жол пайдалануға берілді. Атқарылған жұмыстардың қорытындысын көріп отырмыз. Біз сұрағандай екі жерден бөгет салынды. Қатынастың реттелгеніне қуаныштымыз. Осы жұмыстарға атсалысқан барлық азаматтарға, басшыларға алғысымызды айтамыз», — деді өз қуанышын жеткізген ауыл тұрғыны Қоныскүл Қосыбекова.

Д.АЙДАР,
Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button