Жаңалықтар

Тарихи құжаттар — таным көзі

Архив

Облыстық мемлекеттік архивте мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өкілдерімен облыстық архивтің, филиалдар мен аудандық архивтердің қызметкерлерінің қатысуымен «Ақтөбе облысының мемлекеттік архивтерінің жетістіктері және даму бағыттарының жоспары» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Оның басты мақсаты— Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген «Архив-2025» іс-шараларының кешенді жоспарын жүзеге асыру барысында алыс және жақын шетелдік ірі архивтермен қарым-қатынасты нығайтудағы өзекті мәселелерді қарастыру, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, архив ісінің жағдайы мен даму келешегін талқылау, жаңа жобаларды іске асыру және тәжірибе алмасу.

Облыстық мемлекеттік архив директоры Марат Төлебайұлы «Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің бүгінгі тынысы мен дамуы»тақырыбында баяндама жасады.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Лидия Қарақова, бас маман Жанат Таңатарова архив мекемелерінің атқарған жұмыстарының жылдық қорытындысы туралы айтып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тоқталды.

Сонымен қатар мекеменің ғылыми қызметкері Жасұлан Сүлейменов Ресей Федерациясының Орынбор облысы мемлекеттік архивімен және Башқұртстан Республикасының Уфа қаласындағы Ұлттық архивімен Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының дереккөз базасын кеңейту, шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықты нығайту, тығыз серіктестік қарым-қатынас орнату және Ақтөбе облысының тарихына қатысты құжаттарды зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде әкелінген құжаттардың есебі мен мазмұнына тоқталып, слайд арқылы атқарылған істерді көрсетті.

Темір ауданының мемлекеттік архивінің меңгерушісі Сәуле Сұлтанова музей, архив ғимаратының құрылыс барысын қысқаша бейне баянмен көрсетіп, қарқынды құрылыс жұмысына тоқталды.

Семинар барысында облыс орталығының 155 жылдығына арналған«Ақтөбе қаласы— архивтік фотоқұжаттарда» фотокөрмесі ұсынылды.

Жанаргүл НҰРДӘУЛЕТҚЫЗЫ,

Ақтөбе облысының мемлекеттің архивінің

құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button