Жаңалықтар

94 тонна қоқыс шығарды

«Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында Amanat партиясы Мәртөк аудандық филиалы аудан әкімдігімен бірлесіп Мәртөк ауылында ауқымды түрде «Таза бейсенбі» акциясын өткізді. 

Аталған акцияға 200-ден астам адам жұмылдырылды. Олар Мәртөк ауылы шетіндегі қоқыс төгетін полигон маңына тазалық жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстары жүргізілген жерден 94 тонна қоқыс шығарылды.

Жалпы аталған акцияның аясында бұған дейін алдын ала белгіленген учаскелерге мәслихат депутаттары, белсенділер және бастауыш партия ұйымдарының басшылары бекітілген болатын. Олар сол учаскеде тұрақты түрде тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етеді. Осылайша әр бейсенбі тазалық жұмыстарын жүргізеді.

Әсел ШАМИШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button