Жаңалықтар

Балақайларды қуантты

Лагерь

Жазғы демалыс—мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана-сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 жалпы білім беретін орта ІТ мектеп-лицейі жанындағы жазғы «IT BALAQAI» лагері осы жағдайлардың қалыптасуына өз ықпалын тигізуде.

Маусым айының 3-14 аралығында жұмыс жасаған бұл жазғы лагерге жекелеген санаттағы отбасылардан шыққан 25 білім алушы қамтылды.

Лагерьдегі жазғы демалыс жаңа достарға, спорттық жарыстарға және көңілді ойындарға толы болды. Сонымен қатар лагерьде балалар өз бетінше әрекет жасауға үйренді.

Лагерь ішіндегі өмір балаларды нақты белгіленген тәртіпке бағындырды: таң күні бойы сергектік сезімін беретін жаттығудан басталды. Уақтылы тамақтандыру тәртібі енгізілді. Ас мәзірі күн сайын түрленіп, көкөніс салаттары, жемістер, ыстық тамақтар берілді. Сонымен қатар демалушылар Ақтөбе қаласының әсем де көрікті жерлері — облыстық Әлия Молдағұлованың мұражайына, облыстық планетарийге, «Локомотив» кинотеатрына, Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасына және «Ақбарыс» сауықтыру кешеніне, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрына барды. Интеллектуалдық ойындар, «Табиғатты аялайық» тақырыбында асфальтта сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Балалар әр күнді тағатсыздана күтіп, лагерьге қуанышты сезіммен келіп жүрді.

 Марина НҰРМАНОВА,

Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 жалпы білім беретін орта

ІТ мектеп-лицейі жанындағы жазғы «IT BALAQAI» лагерінің басшысы.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button