Жаңалықтар

Ізгілік жарысы

Турнир

Қарғалы аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Петропавл ауылының жаңа спорт кешенінде волейболдан қайырымдылық  турнир өтті. Спорттық турнирдің мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттап, жастардың спорттық шеберліктерін шыңдау.Жарысқа 10-нан астам команда қатысып, өзара бақ сынады.

Спорт кешенінің директоры Қуаныш Құрмашевтың айтуынша, қайырымдылықтан түскен қаражат су тасқынынан зардап шеккендердің шотына аударылады.

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу мақсатында ұйымдастырылған турнир тартысты өтті. Қатысушылар жарысқа тыңғылықты дайындықпен келген. Турнирдің жеңімпаз командалары медальдар мен бағалы сыйлықтар алса, үздік ойын көрсеткендер арнайы Алғыс хаттармен және кубоктармен марапатталды.Сондай-ақ басқа қатысушыларға аудандық жастар ресурстық орталығының атынан сертификаттар мен сыйлықтар табысталды, — дейді ол.

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды — «KEGOK» АҚ Ақтөбе филиалының құрама командасы,  2-орынды — «Питер-2» құрама командасы, 3-орынды «Сұлтан» құрама командасы иеленді.

Жұлдыз КЕНЖЕ,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button