Жаңалықтар

Жайлы жағдай жасалады

Жаңа орталық

Темір ауданында қатарынан екі Белсенді өмір сүру орталығы ашылды. Бұл жерде зейнеткерлер шығармашылықпен айналысып, спортпен шұғылдана алады.

Құрметті демалыстағы ата-әжелердің бос уақытының тиімді өткізуіне арналған мұндай орталық Шұбарқұдық кенті мен Кеңқияқ ауылында өз жұмысын бастады.

Аудан орталығындағы Мектеп көшесінде орналасқан Белсенді өмір сүру орталығының мердігері — «Жас Ақтөбе» жеке қоры. Мұнда бір уақытта 45 қария келе алады. Массажист, хореограф, медбике мамандары қамтылған орталық дүйсенбі-сенбі күндері аралығында жұмыс істейді.
Ал Кеңқияқ ауылындағы аталған орталықты «Қолдау Эвент» жеке қоры салған. Мұнда да әртүрлі сала мамандары жасамыстарға қызмет көрсетеді.

Екі орталықтың ашылуына қатысқан аудан әкімі Саламат Аманбаев зейнеткерлерге  жайлы жағдай жасау — басты мақсат екенін, бұған жергілікті атқарушы органдар жауап беретінін атап өтті.
Өз кезегінде қарттар осы істі ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, орталықтың енді ұзақ жұмыс істеуін тілейтінін айтты.

Айәли АЙБЕК.

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button