Пікір

Ғалымдарымыз әлемдегі жетекші зерттеу орталықтарында тәжірибеден өтсе

Салтанат АХМЕТОВА,
«Ақбөбек» халықаралық мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында ғылымға арқа сүйеген мемлекеттер әлемнің даму көшін бастап тұрғандығын айтты. Біз сол елдердің қатарына қосылу үшін ғылымға айрықша мән беруіміз керек, яғни ғылымды қарқынды дамудың төте жолы ретінде қарастыруымыз керек.
Заманауи инновациялық оқыту трендтері PBL, STEAM секілді проблемалық-жобалық оқыту тәсілдеріне негізделеді. «Ақбөбек» халықаралық мектебінде болашақ педагогтер мен жас ғалымдардың кәсіби-тұлғалық дағдыларды меңгеруіне бағытталған «4-7-20» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бұл бағдарлама білім алушылардың метапәндік және жеке тұлғалық нәтижелерге қол жеткізуіне, олардың қабілеттері мен алған білімдерін қолдана отырып, нақты өмірдегі мәселелерді шешуге даярлауға мүмкіндік береді. Осы бағдарлама арқылы тәлім алған педагогтеріміз білім мен ғылым саласына үлестерін қосып, болашақ ғалымдарды даярлайды деген сенімдеміз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайын жас ғалымдарға байқаулар арқылы берілетін гранттың қаржы көлемін арттыру керек деген тапсырмасы жас ғалымдарымызды жігерлендірері сөзсіз. Ғалымдарымыз әлемдегі жетекші зерттеу орталықтарында тәжірибеден өтсе, еліміз бәсекеге қабілетті, әлеуеті жоғары ғалымдар қатары білікті мамандармен толығары сөзсіз.
Салтанат АХМЕТОВА,
«Ақбөбек» халықаралық мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button