Пікір

Ғылыми кадрлар даярлаудың кешенді жоспары құрылады

Лаура ҚАРАБАСОВА,
Ұлттық құрылтай мүшесі, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ ректоры.

Бүгін Ақордада Президенттің төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтті.
Қазақ ғылымының атасы Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келетін ғылым қызметкерлері күнінде Мемлекет басшысы алдымен еліміздегі қазіргі ахуалға тоқталып, барлық мәселенің шешу жолы ғылымға негізделетінін баса айтты.
Расымен, ел экономикасы мықты болуы үшін ғылыми әлеуетімізді күшейту маңызды. Осы орайда Қасым-Жомарт Кемелұлы отандық ғылымды дамытудың 5 бағытын нақтылады.
Президент университет ғылымына тоқтала отырып, ғылым мен жоғары білімнің біртұтас дамуын қамтамасыз ету үшін Академиялық басымдық орталықтарын құру жобасының бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру арқылы жүзеге асатынын хабарлады. Бұл — өңірлік университеттер үшін үлкен қолдау.
Өңірлерде инфрақұрылымнан бөлек, кадрлардың ірі орталық қалаларда шоғырлануы және өңірлік кадрлардың инерттілігі проблемасы бар.
Мемлекет басшысы кадрлық әлеуетке арнайы тоқталды. Жас мамандарды өңірлік университеттерде еңбек етуге және зерттеу жұмыстарын жүргізуге ынталандыратын пәрменді механизмдерді жасау керектігін айтты.
Бұл орайда Жұбанов университетінде алдағы оқу жылына арналған ғылыми кадрлар даярлаудың кешенді жоспарын қолға алады. Біріншіден, өңірге жас PhD мамандарды тартудың жаңа бағдарламасы әзірленуде. Екіншіден, министрліктің қолдауымен британиялық серіктестерімізбен бірге Split PhD бағдарламасы арқылы халықаралық сапа талаптарына сай докторларды даярлауды жеделдетуді көздеп отырмыз. Бұл бағдарламаның ерекшелігі — 1 курсты шетелдік университетте, оқудың қалған практикалық бөлігін біздің университетте оқиды. Үшіншіден, өзіміздің әріптестерімізге ағылшын тілін оқуға жағдай жасау және «500 ғалым» жобасы аясында шетелдік белді орталықтарда тағылымдамадан өткізуді жалғастырамыз.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button