Пікір

Табиғатқа ұқыпты қарайық

Қуандық ҚАСЫМОВ,

«Aqtobe su-energy group» АҚ Бас директоры.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, cу тасқынына ұшырамаған өңірлердің әкімдеріне абаттандыру науқанын бастауды тапсырды.

Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Өкінішке қарай, тасқын судың зардабын біздің облыстың да жұртшылығы тартты.

Сәуір — жыл сайын ақтөбеліктер үшін тазалық айының бастауы саналатын. Табиғи апатпен күресіп жатса да, Ақтөбе өңірінің тұрғындары жылдағы дәстүрден жаңылмай, өткен сенбіде алғашқы тазалық шарасын өткізді. Бұл игі шараға табиғатқа ұқыпты қарауды ортақ міндеті санайтын «Aqtobe su-energy group» акционерлік қоғамының 500-ге жуық қызметкері қатысты.

Президент өз сөзінде елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына

тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін атап өтті.

Қаланы көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары тек еріктілердің ғана емес, тұтас облыс орталығының әрбір тұрғынының азаматтық борышы дер едім. Сондықтан өңірдің әрбір тұрғыны ерікті түрде тазалық акцияларына қатысса, Ақтөбеміз көрікті, таза әрі жайлы қалаға айналар еді.

Тазалық сенбілігі Ақтөбе облысы аумағында екі ай бойы жүргізіледі. Осы уақыт аралығында ауызбіршілік танытып, өңірдің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button