Пікір

Ең бастысы — алдын алу және тәуекелдерді анықтау

Рақым МЫҢБАЕВ,

Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы.

Сыбайлас жемқорлық күрес

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасымен» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және азайтуға баса назар аударылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге, қазынашылық органдарының қызметкерлеріне жағымсыз материалдардың бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдарына мониторинг жүргізуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы семинарларға, қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқытуға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы қарауға бағыт берілді.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2023 жылы Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2 ішкі талдау жүргізілді. Бөлімшелердің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды, сыбайлас жемқорлық көріністерін қолдану кезінде оларды жасауға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық нормаларыанықталды, оларды жою бойынша ұсыныстар берілді

Биыл департамент бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментінің негізгі қызметі республикалық бюджеттің және жергілікті бюджеттің атқарылуына қызмет көрсетумен байланысты болғандықтан, қаржылық тәртіпті күшейту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Ол үшін бюджет заңнамасы мәселелері бойынша мемлекеттік мекемелермен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеумен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетудің маңызды факторы — жауапты орындаушылардың құзыреттілігі мен кәсібилігі. Орындауға түскен қаржылық құжаттарды негізсіз қайтару фактілеріне жол бермеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қазынашылықтың қолданыстағы ақпараттық жүйелері жетілдірілуде, жаңа бағдарламалар мен модульдер енгізілуде. 2023 жылғы шілдеде департамент 12 аудандағы «Қазынашылық-клиент» АЖ қызмет көрсету сапасы бойынша мемлекеттік мекемелерге онлайн-сауалнама жүргізді.

Департаментте және аудандық қазынашылық басқармаларында сенім телефоны жұмыс істейді, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігі орнатылған.

Департаменттің Instagram парақшасында департамент басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл туралы ақпарат, азаматтарды қабылдау кестесі мен байланыс телефондары орналастырылған. Департаменттің және аудандық қазынашылық басқармаларының барлық қызметкері мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтайды, кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды уақтылы тапсырады.

Белгілі бір жұмысты департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі жүргізеді, 2023 жылы және 2024 жылдың І тоқсанында 23 семинар, 33 қызметкермен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді, БАҚ-та, әлеуметтік желілерде 16 жарияланым шықты.  Қызметтік әдеп нормаларының сақталу жағдайына және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг, әкімшілік құқықбұзушылықтар мен тәртіптік жазаларға талдау, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік медиадағы аккаунттарына мониторинг үнемі жүргізіледі.

Қызметтік және орындаушылық тәртіпті, мемлекеттік қызметті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері жалпыға бірдей құқықтық оқыту сабақтарында, Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық органдардың аумақтық органдарының, «Ақтөбе — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін тарта отырып, семинарларда ұдайы зерделенеді.

Өткен жылы 58 қызметкер «Парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында оқытудан өтті, биыл 33 қызметкерді оқыту жоспарлануда.

Департаментте мемлекеттік қызметшілерді көтеру кезінде меритократия, құзыреттілік негізінде ілгерілету қағидатын басшылыққа алады. Мәселен, 2023 жылы 3 қызметкер жоғары тұрған бос лауазымдарға тағайындалды, оларды қарау кезінде кәсібилік пен құзыреттілік жағы ескерілді.

Өткен жылдан бастап 247 өтініш келіп түсті, олардың барлығы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қазынашылық департаменті сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгілерін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту бойынша одан әрі жоспарлы жұмысты жалғастырады.  Біз адалдықты, заңдылықты және прагматизмді әр қызметкердің ішкі құндылық сеніміне айналдыру бағытын ұстанамыз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button