Білім

Мамандық таңдау —  маңызды іс

Ашық есік күні

Осындай тақырыппен Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде Ашық есік күні өтті. Мақсат —мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру. Ашық есік күніне қаладағы 10 мектептен 300-ге жуық оқушы келді.

—Колледжде сұранысқа ие 12 мамандық даярланады. Оның ішінде мұнай-газ, ақпараттық жүйе, IT мамандығы бойынша білім беріледі. Биыл 700 талапкер қабылдау жоспарланып отыр. Бүгін келген оқушыларға колледждің барлық мүмкіндіктерін көрсетеміз. Шеберханаларды, оқу кабинеттерін таныстырамыз. Біздің мақсатымыз — сапалы білім беру, — деді колледждің  IT құзыреттілігі орталығының меңгерушісі Алтынгүл Сәрсенбаева.

Білім ордасына келген оқушылар кабинеттерді аралап, оқытушылармен тілдесіп қажетті мағұламаттарды алды. Қаладағы №68 мектептен келген Рүстем Әбдуалиев алған әсерімен бөлісті.

Тоғызыншы сыныпта оқимын. Әзірге қандай мамандықты таңдайтынымызды шешкен жоқпын. Мұғалімдер осы білім ордасында Ашық есік күні болатынын айтты. Ойланбастан сыныптастарыммен бірге келіп, танысып жатырмын. Қандай мамандыққа даярлайды? Қандай мүмкіндіктері бар? Барлығын сұрап білдім. Бұндай Ашық есік күні оқшылардың мамандықты қателеспей таңдауына ықпалын тигізеді, — деді Рүстем.

Ал №62 мектептен келген Әлихан Кипан болашақта ақпараттық жүйенің маманы болғысы келетінін айтты.

Өзімді ақпараттық жүйе, оның ішінде IT мамандығы қатты қызықтырады. Бүгін осы колледжге келіп, оқытушылардан мамандықтың қыр-сырын сұрап жатырмын. Бір қуантарлығы, бұл жерде барлығы грант негізінде оқытылады екен. Бұл колледжге келуге ниеттенген талапкерлерге үлкен мүмкіндік, — деді Әлихан.

Колледж кәсіптік білім беру аясында ірі кәсіпорындар және мекемелермен тығыз байланыс орнатқан. Оқу орнын бітіргеннен кейін жастардың бірден жұмысқа тұрып кетуіне де осылай ықпал етеді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button