Жаңалықтар

Кітап сыйлаған күн

Колледж

Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде «Кітап сыйла!» акциясы өтті.

Мақсат — колледж оқушыларын  кітап оқу дағдысына баулу, оқытушылармен арада жылы қарым-қатынас қалыптастыру.

Студенттер сүйіп оқитын кітабы, электронды кітаптарға көзқарасы, өмірін өзгерткен кітап, сүйіп оқитын жанры туралы сауалдарға жауап беріп, кітап оқитынын  байқатты. Сондай-ақ Бк-307 тобының оқушысы Динара Қазиманова «Кітап» өлеңін оқыса, өзгелер сыйлыққа әкелген  кітаптарын сыйлады.

Ақция соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Ардақ Қалиева студенттерге  кітап оқудың пайдасын айтса, Ләззат Балғазиева  шәкіртіне кітап тарту етті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шыңғыс Түменбаев та колледж кітапханасына кітаптар сыйлады.

Акцияға Бк-307, Бк-315, Кт-306 тобының студенттері белсене атсалысты.  Солардың арасынан Мерей Садақбаева, АсылайАғыбай, БалнұрАйдарбекова, Бибатпа Мұратбай, Анель Тілепеева, Сабина Исатаева, Қарақат  Ізбасарқызы сынды жастарды ерекше атауға болады.

Кураторлар Нұргүл Аманова мен Мейрамгүл Оразтаева  ұйымдастырған   шара осылай көпшіліктен қолдау тапты.

 Нұргүл АМАНОВА,

 Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі оқытушысы. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button