Жаңалықтар

Ана тіліміз— асыл мұрамыз  

Тіл

Еліміздің тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конститутциялық құқық белгілерінің бірі — мемлекеттік тіл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында:  «Қазақ тілі,шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл — заңды құбылыс, өмірдің үрдісі. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс», — деген жолдарында үлкен мән жатыр.

Тілімізді, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды отбасында, соның ішінде ұжымда дәріптеу — жақсы үрдіс. Ал мұндай игілікті іске ұжым болып жұмылса, бұл үлкен көрсеткіштің белгісі.Осы бағытта Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында  жоспарға сәйкес қызметкерлерге қазақ тілін меңгеруге жағдай жасау, мемлекеттік тілде іс жүргізуді жетілдіру, ана тілімізді қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған жұмыстар атқарылады. Сондай-ақ мемлекеттік тілдің ауқымын кеңейтуге,тілдің ресми қолданысы мен мәртебесін көтеруге байланысты көптеген ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Жауынгерлік-қызметтік даярлық, саптық байқаулар мен жиындар, мерекелік іс-шаралар мемлекеттік тілде өткізіледі.

Қасиеттітілімізді одан әрі дамыту негізінде құқық қорғау органдары және барша мемлекеттік қызметкерлер күн тәртібіндегі жиналыстар мен отырыстарды мемлекеттік тілде жүргізу — басты мақсатқа айналуы қажет.

 Алуа ЖЕТЕСОВА,

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты

ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімшесінің инспекторы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button