Жаңалықтар

Батырлық та тәрбиеден

Тәрбие

Елімізде ішкі істер органдарын жаңғыртудың жол картасын жүзеге асырудағы басты міндеттің бірі — осы мамандықты таңдаған жастарды ерте бастан болашақ кәсібіне баулу.

Осы орайда 2019 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты басшылығының ұсынысы бойынша Ақтөбе қаласының Ф.Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясында кадет сыныптары ашылған болатын.Кадеттер мектеп қабырғасынан-ақ құқық қорғау саласының тәртібі мен талабынан, сондай-ақ бейбіт күннің батырына айналған полицейлердің ерлік істерінен де кеңінен хабардар болады. Аталған жоба оқушыларды жастайынан тәртіпке, адалдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған. Жас кадеттер кейіннен бұл мамандықты таңдамаған күнде де, қоғамдық тәртіп қағидаларын, оны орындаудың маңызынұғып өседі.

Жуырда аталған білім беру мекемелері өзара ынтымақтастық жөнінде меморандум жасасып, сол келісім аясында кадет сыныбына институт түлегі, полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматуллаевтың есімі беріліп, кабинет ашу рәсімі өтті.

Полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматуллаев2016 жылы Алматыдағы полиция бөлімшесіне жасалған террористік шабуыл кезінде ерлікпен қаза тапты. Ол «Айбын» орденімен наградталған.

Кабинеттің ашылуына орай өткен жиында институт бастығы, полиция полковнигі Нұркен Мұхаметқалиев сөз сөйлеп, бейбіт күннің батырына айналған бейбіт күннің батыры тәртіп сақшыларыныңөз міндетіне адалдығы жөнінде айтты. Сондай-ақ ол кадет сыныбының үздіктерін грамоталармен марапаттады.

Жанат НҰРМҰХАМБЕТОВА,

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы

Ақтөбе заң институты

ішкі және сыртқы коммуникациялар

бөлімшесінің бастығы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button