Жаңалықтар

Қайта құрылған жастар саясаты басқармасына басшы тағайындалды 

Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Мирхан Асылханұлы Ермағанбетов Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Мирхан Асылханұлы 1991 жылы Хромтау ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 2012 жылы – Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 2023 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2012 жылы Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейінің ғылыми қызметкері болып бастап, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы хатшысы, Қазақ инженерлік-техникалық академиясының Тілдерді дамыту орталығының директоры болып жасаған.

2015-2019 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сарапшысы, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің  бас сарапшысы, Қоғамдық даму министрлігінің жастар және отбасы істері комитетінің бас сарапшысы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жастар және отбасы істері комитетінің бас сарапшысы қызметтерін атқарған.

2019-2020 жылдары Ақтөбе облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы болып жасаған.

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Алға ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button