Жаңалықтар

Асхат Шахаров: Ақтөбе қаласының тұрғын алаптарында ауыз су мәселесі  бар

Облыс әкімі Ақтөбе қаласы аумағындағы тұрғын алаптарындағы ауыз су мәселесі барын жасырмайтынын, оны шешу үшін Сарыбұлақ және Моисеев су тоғанын пайдаланылатынын мәлімдеді. Биыл жұмыстарды бастауды жоспарланып отыр.

«Су тоғандағы су қоры 50 жылға жетеді. Шамамен 45-60 шақырымнан тарту керек болады. Қазіргі кезде жерасты суының қоры сараптамадан өткізілді, Үкіметке құрылыс жұмысы үшін сұраныс жасалды. Биыл жұмысты бастауды жоспарлап отырмыз», – деген Асхат Шахаров Kazinform ақпараттық сайтына берген сұхбатында облыс халқын жарық, газ, сумен қамту жайын да айтқан.

«Президент 2025 жылға дейін барлық ауылды ауыз сумен қамтуды тапсырды. Облыстағы 320 елді мекеннің 283-і орталықтандырылған ауыз су жүйесін қолданады. Тағы 37 елді мекен ұңғыманы пайдаланады. Былтыр Байғанин ауданының Алтай батыр, Қобданың Жарсай, Жарық, Жаңаталап, Ойылдың Шұбаршы ауылдарына орталықтандырылған су желісі жүргізілді. Онда 2285 адам тұрады. Сонымен қатар 13 ауылға кешенді блок модуль орнатылды. Бұдан бөлек 3 ауылдың орталықтандырылған су желісі қайта жаңғыртылып, реконструкциялау жұмысы жүргізілді. Биыл 37 ауылдың 15-іне орталық су жүйесі жүргізіледі. Ырғыздың Дүкен, Қобданың Көк-үйіне кешенді блок модуль қондырылады. Сөйтіп өңірдегі 926 мың адам (99,8%), яғни 300 елді мекен (93,7%) сумен қамтылады», – деді облыс әкімі.

▪️ Ал «Көкжидедегі» мұнай-газ өндіру жұмыстары 2032 жылға дейін толық тоқтатылады екен. Жұмыс кезең-кезеңімен іске асырылмақ. Биылдың өзінде 200-ден астам ұңғыманың тең жартысы тоқтатылады. «Көкжиде» жер асты сулары кен орнында 5 компания бар.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button