Денсаулық

Тұмау мен қызылшадан қауіп көп

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында тұмау мен қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы туралы брифинг өтті.

Шараға облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова және облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары БақытжанТүлкібаева, инфекционист дәрігер Мейрамбек Құрманғазы қатысты.

Жалпы республика бойынша, соның ішінде біздің облыстың аумағында қызылша инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз болыпотыр. Қызылша ақпан айында тіркелді, қазір ауру өршіп барады. Бүгінгі мәлімет бойынша қызылша ауруының қаупі бар 593 жағдай тіркелген.Зертханалық жолмен расталғаны — 370 жағдай.

Қызылша ауруының 80 пайыздан астамы қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар арасында тіркеліпті. Жаңа оқу жылынан бастап мектеп оқушылары арасында қызылшаның 56 жағдайы тіркелген.

Әртүрлі себептермен қызылшаға қарсы егілмеген және егілуі туралы деректері жоқ 30 тұрғынға және 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлеріне вакциналау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қызылшадан қорғанудың бірден-бір тиімді қорғану әдісі — вакцинация, — деді Райхан Қойшанова.

Ақтөбе қаласында 246 адамның тұмауға шалдыққаны анықталды. Жедел респираторлық-вирустық инфекциямен ауырған 2156 адам ауруханаға жатқызылған.Тұмаудан емделу үшін жатқан науқас саны — 192 адам.

224 адам ауруханада пневмониядан емделіпті. Жансақтау бөлімінде 10 адам ем алған.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button