Ауыл

Кітап — алтын қазына

Жуырда Қарғалыда аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «БиблиоАрбат» жобасының ашылуы өтті. Оған ауыл тұрғындары мен мәдениет қызметкерлері қатысты.

Жобаның мақсаты — оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Іс-шараның ашылуында аудандық кітапхана директоры Нұргүл Мысаева сөз сөйлеп, барша оқырманды кітап оқуға шақырды.

Кітапхана оқырмандары түрлі танымдық кітаптармен танысып қана қоймай, зияткерлік ойындар ойнауға мүмкіндік алды. Кеш барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары Алғыс хаттармен марапатталды.

Кітапханада танымдық іс-шаралар жиі ұйымдастырылады. Оқырмандардың бос уақытын өткізуге арналған коворкинг орталығы 2019 жылы ашылды. Мұнда балалар бөлімі де жұмыс жасайды. Енді, міне, оқырманның таным көкжиегін кеңейтіп, тұрғындардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «БиблиоАрбат» жобасын ұсынып отырмыз. Апта сайын әдеби кештер, қызықты сұрақ-жауап ойындары, кітап көрмелері және  тағы басқа кештерді өткізуді жоспарлап отырмыз, — дейді кітапхана әдіскері Байсеуіпова.

Жұлдыз КЕНЖЕ,

Қарғалы ауданы

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button