Ауыл

Серғалидің тәтті ірімшіктері

«Ауыл аманаты» жобасы аясында Қарғалы ауданы, Қосестек ауылының тұрғыны Серғали Құстанов ірімшік жасауды қолға алып, кәсібін жандандырып отырған кәсіпкерлердің бірі.

Ірімшікті алғашында үй жағдайында жасайтын едім. Биыл арнайы ірімшік жасайтын құрылғының арқасында 100 литрден жоғары өнім алуды жоспарлап отырмын. Құрылғыны Екатеринбург қаласынан сатып алдым. Қалған қаражатқа құрылыс материалдарын алып, үй ішінен шағын цех аштым. Заманауи құрылғының арқасында ірімшіктің италиялық, голландтық сорттарын шығарып жатырмын, — дейді ол.

Кәсіпкер дайын өнімдерін Орск-Ақтөбе тасжолының бойында орналасқан «Ақ жол» кафесіне сатады. Жеке кәсіпкер алдағы уақытта дайын өнімдерді қалаға сатуды жоспарлап отыр.

Мені таңғалдырғаны сүт өнімдерін жасаудан гөрі ірімшік әзірлеу арзанырақ екен. Мәселен, 10 литр сүттің әр литрінен 1 келіден артық ірімшік жасап шығаруға болады. Өнім таза сүттен жасалады. Тұрақты тұтынушыларымыздың саны артып келеді. Одан бөлек, лимонад, сыра секілді сусындарды жасап сатамын. Болашақта үлкен цех ашып, жұмысшыларды еңбекке баулығым келеді, — дейді ол.

Серғали Құстанов бұрын несиені жоғары пайызбен алып келген. «Ауыл аманаты» жобасы оның шағын бизнесінің дамуына сеп болған.

2016 жылы шығын көп болғандықтан фермамды сатып жібердім. Биыл сол олқылықтың орнын толтырып, әр қадамымды жоспармен орындап келемін. кәсібін енді бастағандарға айтарым, алға мақсат қоя білдіңіздер. Сонда ғана ашқан кәсібіңіз берекелі болады, — дейді ол.

Александр МАТЮШИН,
Қарғалы ауданы

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button