Ауыл

Қосестектегі жылыжай

Қарғалы ауданында «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, жылыжай ашқандар қатары артып келеді. Солардың бірі — Ділбар Баймұратова.

Жеке кәсіпкер Ділбар Баймұратова 2010 жылы ауылға көшіп келген. Алғашында ол ағаштан жасалған жылыжай кешенінде бау-бақша өнімдерін өсірген.

Биыл «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, жылыжай кешенін кеңейттік. Несие қаражатына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алдық. Ағаштан жасалған жылыжайдың қабырғаларын темірге өзгерттік. Қазір өнімдердің бітік шығуы үшін америкалық шылаушынды өсіріп жатырмыз. Тыңайтқыш қоспалардың барлығын табиғи жолмен даярлаймыз. Сондықтан табиғи жолмен жасалатын өнімдерімізге сұраныс жоғары. Келер жылы жылыжайға құлпынай егуді жоспарлап отырмыз, — дейді ол.

Жылыжай кешенінің иесі биогумус топырағын өздері өңдеп шығарады. Болашақта өңделген топырақты сатпақ ниетте. Ол жылыжай кешенін салмас бұрын мына нәрселерге мән беру керектігін айтты:

Жылыжай кешенін салудан бұрын орналасқан жеріне мән беруіңіз керек. Егер жер құнарлы егістікке қолайлы болса, өнім де бітік шығады. Шығын болдырмау үшін өнімдеріңізге деген сұранысты арттыруыңыз қажет. Біздер алғашында кішігірім жылыжайдан бастаған едік. Құнарлы топырақтың арқасында өніміміз мол шықты.  Болашақта биогумус топырағы мен америкалық шылаушынды сатпақ ойымыз бар, — дейді жеке кәсіпкер.

 Гүлжазира МЫРЗАБЕКОВА,

Қарғалы ауданы

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button