Білім

Жеңімпаздар марапатталды

Кеше облыстық әкімдік ғимаратында «Елбасы медалі» жобасының 40 жеңімпазын марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті. Шараға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова қатысты.

Елбасы қоры дарынды жастарға қолдау көрсету мақсатында «Ел үміті» атты бастама көтергені белгілі. «Eл үміті» — жас ұрпақтың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған республикалық марафон.

Жиында сөз алған Нұргүл Бертілеуова мемлекет тарапынан білім саласына, талантты, қабілетті балаларға қолдау көрсетуде көптеген ізгі бастамалар жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Соның бірі — «Ел үміті» бастамасы аясындағы «Елбасы медалі» жобасы.  Жоба мақсаты — еліміздегідарынды балаларды іздеп тауып, олардың ғылыми және шығармашылық белсенділігін ынталандыру, — деді Нұргүл Бертілеуова.

«Елбасы медалі» жобасында әрбір қатысушыға өзін-өзі дамыту үшін 7 бағыт ұсынылған: «Спорт және денешынықтыру», «Кітап оқу», «Дарын мен дағды», «Ұлттық мұра», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар» және «Еңбек тәжірибесі».

Шарада  «Елбасы медалі» жобасының Ақтөбе облысы бойынша үйлестірушісі Қапыс Дәрмен сөз сөйлеп, оқушыларға оқуда табыс тіледі. Оның айтуынша, қазір облыс бойынша аталған жоба аясында 14-18 жастағы 705 оқушы бақ сынап жатыр. Оның 261-і марапатталды. Қалған 444 бала жоба тапсырмаларын орындауда. Оның 20-сы — алтын, 80-і — күміс, 334-і қола медальдан үмітті.

Жиын соңында жеңімпаздарға «Елбасы медалі» төсбелгісі, сертификаттар  табыс етілді.

Айта кету керек, өткен жылдың қорытындысында ресбублика бойынша «Елбасы медалі» жобасының 10 үздігі қатарына Ақтөбе қаласындағы әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның 9-сынып оқушысы Зере Сүндетбаева еніп, жобаның амбассадоры атанды.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button