Жаңалықтар

Wi-Fi желісінің зияны

Қазір көп адамның үйінде Wi-Fi желісі орнатылған. Интернетке сымсыз қосылу — қазіргі заманның ажырамас бөлігіне айналды. Ол жұмыс істеуге, желіде байланыс орнатуға немесе жай ғана қызықты уақыт өткізуге мүмкіндік береді. Адамдар ол үшін үйге орнатуға жоғары сапалы адаптерлер алуға тырысады. Дегенмен сымсыз желінің адам ағзасына қандай зиян тигізетінін білесіз бе?

Дәрігерлер Wi-Fi радиациясының зияны туралы көптеген жылдар бойы пікірталас өткізіп келеді. Бірақ мектеп оқушылары ғана радиацияның зиянын тез әрі анық дәлелдей алды.  Олар Wi-Fi-дың өсімдік тұқымына әсерін тексеріп көрген. Ол үшін алдымен топырақ пен гүл ыдыстарын алып, оның екеуіне бірдей етіп өсімдік еккен. 12 күннен кейін Wi-Fi жоқ жердегі гүл ыдысында өскіндер пайда болса, бар жердегі өскіндер көтерілмеген. Осылайша тәжірибе барысында сымсыз желінің өсімдіктердің өсуіне зиян тигізетіні анықталды.

Нұргүл Нағыметова,

№65 ЖББОМ информатика пәні мұғалімі

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button