Жаңалықтар

Үш басқарманың шығыстар бюджеті қаралды

Мәслихат

Облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік шығыстар жоспарларын облыстық ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ветеринария басқармаларының басшылары баяндады.

Ауыл шаруашылығы басқармасы 2023 жылға 16 миллиард теңгеден астам, 2024 жылға — 15,6 миллиард, 2025 жылға 15,7 миллиард теңге шығыстар бюджетін жоспарлап отыр. Жалпы алғанда, үш жылға арналған бюджет шығысы жоспары 47,3 миллиард теңгеден асады.

Бұл қаржыға, басқалармен қатар, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға, биоагенттердің, пестицидтердің құнын, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды организмдерімен күресуге, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шығыстарының бір бөлігін өтеуге және т.б. бағытталатын болады.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 2023-2025 жылдарға арналған бюджет шығыстарының жобасын жалпы сомасы 6,8 миллиард теңгеден астам сомаға ұсынды.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай өзі басқаратын басқарманың бюджеттік шығыстарының жалпы сомасы 6,5 миллиард теңгеден асатынын баяндады.

Баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойылып, депутаттар тиісті қаулы қабылдады.

Н.ДӘНЕКЕРОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button