Жаңалықтар

Көрікті қаланың жоспары

Қала

Өңірді көгалдандыру және экологиясын жақсарту жөнінде жол картасы әзірленеді

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов тиісті тапсырманы жауапты мекемелерге Ақтөбе қаласының қазіргі таңда әзірленіп жатқан дендрожоспарын талқылау барысында берді. Құжатта облыс орталығын көгалдандыруға баса назар аударылатын 9 учаске көрсетілген. Дендрожоспарда әр учаскедегі топырақтың сипаттамасы, ағаштар мен көшеттердің егуге ұсынылатын түрлері туралы ақпарат бар.

«Аумақтарды көгалдандыру бойынша жүйелі жұмыс істейтін кез келді. Уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін бір аптаның ішінде қай жерде, қандай көлемде өсімдіктің қандай түрлері егілетінін бекіту қажет. Өңірдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, шағын және орта бизнес көгалдандыру жұмысына белсенді түрде қатысуы керек және бұл бағыттағы барлық жұмыстарды жергілікті атқарушы органдармен жоспарлап, келісулері тиіс. Дендрожоспар — үлкен экологиялық жобаның кішкене ғана бөлігі. Онда ауа сапасын жақсартуға қатысты сұрақтар мен полигон мәселесін шешу қаралады», — деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Облыс әкімі қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін орындалуы тиіс тапсырмалар тізімі көрсетілетін Жол картасын қысқа мерзімде әзірлеуді тапсырды.

 А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button