Жаңалықтар

Жиһанкез журналист

Саяхат

Саяхатшы журналист Ернат Қашқынов Ақтөбеге келіп жетті. Оның басты мақсаты — ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай оның туған жері Сарытүбектен Ыстанбұлға дейін велосапар ұйымдастыру.

Ернат Мелсұлы — республикалық «Хабар 24» арнасының меншікті тілшісі.

Алғашқы сапарын Әулиеатадан бастаған журналист осы уақыт аралығында Қазақстанның біршама өңірлеріне саяхат жасапты.Бірнеше тілді меңгерген Ернат тек қана журналист емес, аудармашы, спортшы, модератор.

— Ақтөбеге келгеніме бүгін екінші күн. Келген сәттен облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, балуан Ерболат Қуандықұлы күтіп алып, қонақжайлық танытты.

Қазіроблыстық планетарий ұжымыменен кездесу өткіземін. Сол себептен менің жол сапарыма қызығушылық танытқан БАҚ өкілдерімен байланысуға уақыт таппай әлеуметтік желі арқылы тілдесуге тура келіп тұр, — дейді Ернат Қашқынов.

Тілшінің көздегені — Анкараға жетіп, Ататүрік жерленген мекенгезиярат ету. Велосапардың соңын Ыстанбұлдағы Мұстафа Өзтүріктің зиратында аяқтамақ ниетте.

— Сапар алдында өзімді моральдық тұрғыдан дайындадым. Жолда қиындық боларын сездім. Алайда достарымның арқасында жол қиындығын да өткердім. Жаздың басынан осы сапардың әзірлігін жасадым.700 мың теңгеге жаңа велосипед сатып алдым. Өте жылдам жүреді әрі қауіпсіз. Арнайы аяқкиім де сатып алуды ұмытпадым. Арқамдағы жүгім 30 келіні құрайды, — деді тілші Ернат Мелсұлы.

Ендігі бағыт— Атырау мен Маңғыстау, одан әрі Әзірбайжан, Грузия арқылы Түркияға жету. Әріптесіміздің сапарына бізде сәттілік тіледік.

                                                   Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button