Жаңалықтар

Аналар бас қосқан игі шара

Отбасы 

«Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру  орталығында «Әйел-ана — отбасының ұйытқысы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға өнегелі, көпбалалы және жалғызбасты аналар қатысты.

Шарада Астана ауданы әкімінің орынбасары Жақсат Сәндібайұлы, медиатор Бибігүл Әбдішүкірқызы сөз сөйлеп, отбасылық құндылықтар туралы ойларымен бөлісті.

— Мәдениетті, өмірлік мақсаты айқын аналар қоғамға керек. Ажырасудың басты себебі — ауызбіршіліктің, өзара түсіністіктің жоқтығында. Ата-енесімен бірге тұрғысы келмеу себебінен ажырасу көбейіп кетті. Болмашы қиындыққа төтеп бере алмай, некені бұзу дұрыс емес деп есептеймін. Отбасындағы түйткілді мәселелердің шешілуіне оң көзбен қарап, сабырлылық танытса, ажырасу болмайды, деді Бибігүл Әбдішүкірқызы.

Отбасы тәрбиесінің мән-маңызы мен ұлттық салт-дәстүрді насихаттауға бағытталған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Адамның ең басты шаттығы — отбасы. Отбасының бірлігін сақтау, ажырасудың алдын алу қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Татулықты берік ұстанатын отбасылар қатары көбейе берсін,  — деді шара қатысушысы, көпбалалы ана Гүлмереке Құдайбергенқызы.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button