Жаңалықтар

Тұрғындар қалашығындағы тазалық

Ақтөбе қаласында өтіп жатқан бүгінгі сенбілікте Тұрғындар қалашығы ауданын жинауға «Алақай» қуыршақ театрының артистері, қала тұрғындары және еріктілер қатысты.
«Алақай» қуыршақ театры маңайының тазалық жұмыстарына 20-дан астам театр артисі қатысты. Фестивальге байланысты көп азаматтарымыз сенбілікке келе алмады. Саябақтың маңайындағы алаң толық жиыстырылып бітті. Әр сенбі сайын тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жүргіземіз,​ — дейді театрдың шаруашылық жөніндегі бөлім меңгерушісі Еркін Табылдинов.
Қолдарына арнайы киім киіп, күрек ұстаған жастардың да пікірін білген едік. Солардың бірі қаладағы жалпы тазалық туралы өз пікірін білдірді:

— Бүгінгі сенбілікке шыққан жандарға қарап сүйсініп тұрмын. Тазалық бәрімізге керек. Бұл аудан тым жақсы болып тазарып қалды. Ал мен тұратын ескі қала жақтағы Сүт зауыты ауданында қоқыс жиналмайды. Мердігер компаниялар дер кезінде алмайды, соның кесірінен қоқыс үйіліп жатады. Тұрғындар тарапынан шағым көп. Осындай жағдайлар орын алмау үшін қала тазалығына атүсті қарамай, тазалықты өзімізден бастап, сенбілікке атсалысуға шақырамын, — деді қала тұрғыны Дархан Мейрамбекұлы.
Өңірімізде екі айлық тазалық жұмыстары басталды. Оған тазалықты жақсы көретін, қалаға, далаға жаны ашитытын әрбір ақтөбелік атсалысуы керек.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button