Жаңалықтар

Апталық аясындағы кездесу

Кәсіподақ

Кәсіподақ апталығының аясында Ақтөбе мыс компаниясының еңбеккерлерімен кездесу өтті.

Хромтау ауданы Көктау ауылында өткен кездесуге облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Әмірғалиев, әлеуметтік әріптес, Ақтөбе мыс компаниясы бас директорының орынбасары А.Шипилова, осы кәсіпорынның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Серікқызы және кәсіподақ ұйымының мүшелері қатысты.

Аталмыш кәсіпорында өндіріс көлемі жылдан-жылға ұлғайып келеді. Бас директорының орынбасары А.Шипилованың айтуынша, биыл жыл басынан бергі инфляция ескеріліп, жұмысшылардың жалақысы 35 пайызға дейін көтеріліпті. Сондай-ақ жыл соңында кіріс көлеміне қарай он үшінші жалақы төлеу мәселесі де қаралады екен.

Облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Әмірғалиев өз сөзіндежұмысшыларға ұжымдық шарт аясында берілетін әлеуметтік кепілдіктердің маңызы, өз құқықтарын қорғау жайытуралы айтты.

Кездесу ашық диалог түрінде өтті. Жұмысшылар да көкейіндегі сауалдарға жауап алды.

Н.ЫСҚАҚҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button