Жаңалықтар

Өтініш жауапсыз қалмады

Өнеге

Мәслихат депутаттары Қазақ зағиптар қоғамы Ақтөбе оқу-өндірістік кәсіпорнының ауласын асфальттап берді.

Бұған дейін кәсіпорын басшысы Дәметкен Жолмағамбетова цехқа кіреберіс жол жөндеуді қажет ететіні туралы қалалық мәслихат хатшысына өтініш білдірген.

Көптің өтініші жауапсыз қалмады. Мәслихат депутаттарының демеушілігімен шілде айында кәсіпорын ауласын асфальттау жұмыстары басталды. Алайда  битум тапшылығының туындауына байланысты жұмыс бір айға созылып, тамыздың соңында аяқталды.

— Көктем мен күз айларында бұл маңда жүру мүмкін емес болатын. Алаң суға толып кетеді. Кәсіпорын жұмысшыларының 70 пайызы — көру қабілеті бойынша 1 және 2 топ мүгедектері. Осы уақытқа дейін су сорғызу жұмыстарын кәсіпорын өз қаражатына жүргізіп келді. Енді, міне, әріптестер жұмысқа оңай келіп-кететін болды.

Қаламызда мүмкіндігі шектеулі адамдардың тағдырына бей жай қарамайтын осындай тамаша адамдардың бар екендігіне өте қуаныштымыз. Ұлан Қозыбақов, Талғат Дүржанов пен Жанайым Амангелді есімді депутаттарға ерекше рақмет айтамыз, — деген Дәметкен Жолмағамбетова  депутаттарға өз атынан арнайы Алғыс хаттар табыстады.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button