Жаңалықтар

Майталман маманның мәртебесі жоғары

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмысшылары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын тікелей эфирден тыңдады.
Жолдау — тәуелсіз елдің даму векторын айқындайтын басты бағдарлардың бірі. Сондықтан зауыт қызметкерлері әр салаға назар аудара отырып, өз көңілдерінен шыққан тұстарды қолдап отырды. Әсіресе әйелдердің зейнет жасы 61 жас деңгейінде белгіленгенін кәсіпорын қызметкерлерін қатты қуантты.
— Зауытта 39 жылдан бері жұмыс жасаймын. Цех комитетінің төрағасы ретінде маған зейнет жасын төмендету туралы сауалмен осында жұмыс істейтін әйелдер жиі жүгінеді. Бұл мәселені компания басшылығы мен Мәжіліс депутаттарының алдында өзім де бірнеше рет көтердім. Жолдау біткен бойда әріптестеріме жақсы жаңалықты хабарладым,— дейді кран машинисі Жаңыл Хакімова.
Сондай ақ, зауыт қызметкерлеріне Президенттің «Өз ісінің майталмандары елде ең құрметті адамдар болып есептелуі тиіс» деген сөзі майдай жақты. Ондай кәсіби мамандар зауытта өте көп. Бұл туралы:
— Ел азаматтары лайықты өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін олардың әл-ауқатын жақсартып, денсаулық сақтау саласын дамыту қажет. Ел боламын десең бесігіңді түзе деген. Сондықтан Президент мектепке дейінгі білім деңгейіне мұқият назар аудару керектігін дұрыс айтты. Тәрбиешілердің біліктілігін арттыру мәселесін қолдаймын. Қарапайым жұмысшылардың еңбегін қайта бағалай бастағаны да қуантады. Дәл осындай азаматтар біздің мемлекетіміз бен тәуелсіздігімізді нығайтады. Ал зауытта мұндай адамдар өте көп. Күн сайын еңбек етіп, бала тәрбиелеп, сол арқылы қоғамға пайда әкеліп жатыр, — дейді Ақтөбе ферроқорытпа зауыты кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілқайыр Сотқаров

Қамбар Мұқашев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button