Жаңалықтар

Әділетті қоғам отбасынан басталады

Қобдалық Нұрлыбаевтар отбасы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын отбасымен отырып тыңдауды дәстүрге айналдырған. Үйдің кенжесі Жандос Нұрлыбай биылғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауда қамтылған негізгі бағыттар Жаңа Қазақстан құру жолындағы алғышарттардың бірі екенін айтады.

Жандос — Қобда қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ал келіншегі Гүлнұр сол мектепте математика пәнінен сабақ береді. Екеуі де «Дипломмен — ауылға» бағдармасының қатысушылары. Жас отбасы үйде екі бала тәрбиелеп отыр.

— Мемлекет тарапынан еліміздің әрбір азаматына қолдау бар. Ол бұрын да болды. Қазір де жалғасын тауып келеді. Мәселен, жұбайым екеуміз мемлекеттік бағдарламаның арқасында баспаналы болып, бірреттік көтерме сыйақы алғанбыз. Оның жас отбасы үшін маңызы өте зор. Президенттің әр Жолдауынан тың жаңалық күтіп отырамыз. Биылғы Жолдауда жұртты жұмылып жұдырық болуға үндейтін жақсылықтарға толы болды.

Мені мұғалім ретінде, болашақта баласы мектепке баратын ата-ана ретінде Президенттің мектеп формасын барлық оқушыға барынша қолжетімді етуді тапсырғаны қуантты. Ал алдағы уақытта әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға мектеп формасы  бюджет есебінен беріледі. Оны өзіміздің отандық тігіншілер тігеді. Бұл жаңалық тек ата-аналар қауымын ғана емес,жеңіл өнеркәсіпті игеріп отырған ел азаматтарын да бір серпілтіп тастаған тәрізді, — дейді Жандос.

Елімізде соңғы жылдары педагогтердің абыройын арттыру үшін бірталай іс тындырылғанын айтқан жас маманӘділетті Қазақстанды құру жолында аянбай еңбек ететінін жеткізді.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button