Жаңалықтар

Департаментте жаңа басшы

Тағайындау

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы лауазымына Талант Медет тағайындалды.

Талант Бақбергенұлы 1980 жылы дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бүкіләлемдік тарих және Фемида заң академиясын заңтану мамандықтары бойынша бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 18 жылдан асады.

Мемлекеттік қызметте еңбек жолын Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы болып бастаған.

2008 жылдан бастап мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органда жұмыс істейді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын бақылау бөлімінің кеңесшісі, Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің, Мемлекеттік қызметті өткеру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы, департамент басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Департамент басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Т.Медет Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті Ахуалдық мониторинг және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының басшысы болды.

А.АЙБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button