Жаңалықтар

Жас мамандар ант қабылдады

Кеше облыс әкімдігі ғимаратында мемлекеттік қызметке келген жас мамандар салтанатты жағдайда ант қабылдады. Конституция күні қарсаңында өткен шараға осы салада ұзақ жылдар еңбек өткен ардагерлер де қатысты.

Ел Президентінің2017 жылғы 16 тамыздағы №532 Жарлығына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасқан әр азамат ант қабылдайтыны белгілі. Осы талап бойынша Конституция күні қарсаңында мерекелік шара өтті. Мемлекеттік қызмет саласында еңбек еткен аға буын өкілдері жастарға батасын беріп, жұмысты адал һәм әділ орындауды тапсырды. Жас талаптарға естелік сыйлықтар ұсынды.

— Бала кезімнен мемлекеттік қызметші болуды армандадым. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің құқықтану мамандығының 2021 жылғы түлегімін. Енді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына бас маман болып қабылданып жатқаныма қуаныштымын, — дейді Аққу Қобылан.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button