Жаңалықтар

Түсіндіру жұмыстарын жүргізді

  • Кездесу

Бейсенбі күні Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықта мамандар Астана ауданы бойынша пробация есебінде тұрған әйелдермен кездесті.

Басқосуға теолог-маман Әділжан Ұзақбай, психолог Тимур Төлепбергенов, Ақтөбе қаласы Астана аудандық пробация қызметінің инспектор-психологы Нұргүл Төлегенова қатысты.

Кездесу барысында мамандар пробация есебінде тұрған әйелдерді жат ағымдарды насихаттаушылардан, әртүрлі құқықбұзушылыққа үгіттейтіндерден аулақ жүруге, отбасында бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуге, қоғамдық жұмыстарға атсалысуға шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Психолог Тимур Төлепбергенов кездесуге келгендерге арнайы бейнероликтер көрсетіп, қазіргі таңда бейтаныс адамдарға сенбеу керектігін, әсіресе, ғаламтор арқылы адамдармен таныспауға, олардың түрлі пікірлеріне, ұсыныстарына назар аудармау қажет екенін алға тартты.

Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталық басшысы Сансызбай Ұлқабайдың айтуынша, қазіргі таңда орталық мамандары ай сайын пробация есебінде тұрған азаматтармен, оның ішінде жастармен, әйелдермен жиі кездесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Бүгінде Ақтөбе қаласы бойынша пробация есебінде тұрған 50-ге жуық әйел бар.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button