Жаңалықтар

Тоғыз айдың жалақысы төленді

  • Анық-қанық

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің жаңа талаптарына сай облыстық департамент тарапынан өңір халқы үшін көкейкесті мәселелер мен салалар бойынша мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі.

Мониторинг барысында Шалқар қаласында «Атамекен» ЖШС басшылығының құрылысшылар тобына 9 ай бойы жалақы төлемеу дерегі анықталды. Бұл ретте жобалау-сметалық құжаттамада материалдарды сатып алуға, сондай-ақ жұмысшыларға жалақы төлеуге арналған шығыстар көзделгенін атап өту қажет.

Еңбекақыны уақтылы төлемеу дерегі — бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланудың белгісі болып табылады.

Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу департаменті және құрылыс басқармасы қызметкерлерінен құралған комиссия Шалқар ауданына дереу барып, онда өтініш авторлары мен мердігер өкілінің қатысуымен кездесу өткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша мәселе өз шешімін тауып, жұмысшылар алдындағы берешек толығымен өтелді.

Сонымен қатар қаражат жымқырудың алдын алу мақсатында аталған мердігердің өңірдегі құрылыс нысандары жедел бақылауға алынды.

Ж.КӨШЕРБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button