Жаңалықтар

Сұйытылған газ бағасы сақталады

Баға

«Сұйытылған газдың бүгінгі нарықтағы бағасын жыл соңына дейін сақтап қалу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қаулыны Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Ашық НҚА» сайтында талқыға шығарды», — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұған дейін шектеу қойған бұйрықтың мерзімі 2022 жылы шілдеде аяқталады. Сұйытылған мұнай газ нарығының бөлшек сегментінде еркін баға белгілеу енгізілсе, бағаның күрт өсуі мен қоғамда әлеуметтік шиеленістің пайда болу қаупі бар. Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жыл соңына дейін сұйытылған мұнай-газ бағасын қазіргі мөлшерде қалдыруды ұсынды», —  делінген Қаулыда. Агенттік мәліметінше, қазіргі уақытта заң Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілген.

Бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Ұлытау және Алматы облыстарында көлік газының бағасы (литрі) 70-75 теңге көлемінде, ал Шымкент қаласы мен Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан және Абай облыстарында 60-65 теңге мөлшерінде. Ең төменгі баға Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында. Онда литрі 50-55 теңге тұрады.

Айта кетейік, жыл басында Үкімет шешімімен елімізде газ бағасына 180 күндік мораторий жарияланған болатын. Соған сай сұйытылған отынның ең жоғары құны литріне 70-75 теңге болып бекітілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button