Жаңалықтар

Құнықтырмау үшін дәніктірмеу керек

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен сыбайлас жемқорлық пен терроризмге қарсы іс-әрекет жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Полиция департаментінің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сонымен қатар ауылшаруашылығы субъектілерін субсидиялау кезінде жемқорлық қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды болдырмау шаралары қаралды.

2021 жылы ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдау мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен 22,6 млрд теңге субсидия бөлінді. Нәтижесінде ауылшаруашылығы өнімі мен мал басы ұлғайды.

Биыл ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік қолдау ретінде республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 25 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланып отыр, қазіргі уақытта субсидия төлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басқарма қызметкерлері өз құзыреті шеңберінде бюджеттік субсидиялар берудің заңдылығына тұрақты мониторинг жүргізеді. Ауылшаруашылығы басқармасы басшысы Исатай Еспағанбетов азаматтардың осы уақыт аралығында басқарма қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне немесе сыбайлас жемқорлық көріністері бар фактілерге қатысты шағымдар түспегенін айтты.

Отырыс барысында сондай-ақ дәстүрлі емес дін ағымын ұстанушыларды оңалту және күзет қызметін мемлекеттік бақылау мәселелері де қаралды.

Отырыс соңында облыс әкімі барлық бағыттар бойынша жұмыстарды күшейту қажеттігін айтып, тиісті тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button