Жаңалықтар

Жұмыла көтерген жүк жеңіл ме?

Брифинг

Демократиялық елде ерлер мен әйелдердің құқығы тең. Соның арқасы болар мемлекеттік қызметте де, кәсіпкерлік саласында да жұмыс істейтін арулар саны еселеп артыпты.

23 маусым — мемлекеттік қызметшілер күні. Осыған орай  «Мемлекеттік қызметтегі гендерлік көрсеткіштер» тақырыбында брифинг өтті. Онда облыстағы әйел адамдардың мемлекеттік қызметтегі алар орны, гендерлік көрсеткіштері туралы баяндалды.

Ресми дерек бойынша облыста  908796 тұрғын болса,  оның 467129-ы— әйелдер. Бұл — облыс тұрғындарының 51,4 пайызы. Нәзік жандылардың дені  Ақтөбе қаласы мен Мұғалжар, Шалқар, Қобда аудандарында  тұрады.Облыс орталығындағы әйелдер үлесі  ерлерге  қарағанда 5,2 пайызға артық. Ал ер адамдар Алға, Әйтеке би, Байғанин, Ойыл, Темір, Хромтау, Шалқар, Ырғыз аудандарында әйел адамдардан көбірек. Соның ішінде ерлердің саны  Байғанин ауданында әйелдермен салыстырғанда 590 адамға жоғары, — дейді облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бас инспектор-хатшысы Гүлжан Маханова.

Мансап пен отбасы арасындағы тепе-теңдікті сақтау мақсатында агенттіктің бастамасымен кішкентай балалары бар мемлекеттік қызметшілер үшін икемді жұмыс кестесі енгізілген болатын. Себебі Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің жартысынан көбі — әйелдер.

Бүгінгі күні Ақтөбе облысында 4083 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы әйелдердің үлесі 56 пайызға жетті.

Облыстағы мемлекеттік органдардағы әр түрлі деңгейдегі басшылық лауазымдардың 36 пайызы, яғни4 облыстық басқарма және 3 орталық атқарушы мемлекеттік органның аумақтық департаментінің басшыларыәйел адамдар.Аудандық деңгейдегі  бөлім басшыларының 26 пайызыда соларға тиесілі.Сондай-ақ 10 ауылдық округті нәзік жандылар басқарып отыр, — дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Гүлмира Бисекешова.

Квазимемлекеттік секторда әйелдердің негізгі үлесі әлеуметтік салада жұмыс істейді. Мәселен, музей, кітапхана, архив басшыларының 59 пайызы, мектеп-балабақшалардың  68,4 пайызы әйел адамдардың басқаруында.

Әйелдер мен ерлердің еңбек нарығына, қаржылық және өзге де ресурстарға тең қол жеткізуі үшін жағдайлар жасау — мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі.Осы бағытта жұмыстар жалғаса бермек.

С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button