Жаңалықтар

«IQanat» олимпиадасына аттанды

Олимпиада

Ақтөбе облысының  дарынды оқушылары «IQanat» республикалық олимпиадасына аттанды.

Бұғанеліміздің 164 ауданынан 36 мың бала қатысқан. Солардың арасынан іріктеуден өткен ауыл мектептеріндегі 8-ші сыныптың 750 оқушысыНұр-Сұлтан қаласында болатын«IQanat-2022» олимпиадасының республикалық слетіне қатысады.

Слет аясында іріктеудің ақтық кезеңдері өтіп, 100 жеңімпаз анықталады. Бұл білім бәсекесінде облыстың 46 ауыл оқушысы бақ сынайды.

Мұндай шараны ауыл балаларының сапалы білім алуына жол ашу мақсатында «IQanat» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Осы орайда атап өтер жайт, соңғы 4 жылда 137 мыңға жуық ауыл оқушысы сапалы білім алу мүмкіндігіне ие болған.

Қор тек қана ауыл мектептерінің балаларымен жұмыс істейді. Алдымен 3 тур бойынша олимпиада өткізіп, жеңімпаздарды жоғары оқу орындарына түсуге даярлаймыз. Бірінші туры аудан орталығында өтсе, екінші кезеңі облыс орталығында болады. Ал соңғы туры Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев университетінде өтеді. Аудандық, облыстық олимпиададан іріктелген оқушыларымыз республикалық ақтық турға кетіп бара жатыр, — дейді «IQanat» қоғамдық қорының Ақтөбе облысы бойынша үйлестірушісі Абыл Насухин.

«IQanat» олимпиадасы және қордың басқа да бағдарламалары ауылдан келген мыңдаған балаларға ең жоғары технологиялы мектептердің бірі —  IQanat High School of Burabay-ға оқуға түсу мүмкіндігін бермек. Сонымен қатар ауыл балаларының үздік жоғары оқу орындарына түсуіне жол ашады. Қор бағдарламаларының түлектері, яғни ауыл мектептерінің оқушылары Nazarbayev University, University of Purdue, Polytechnic University of Hong Kong, University of Chicago және тағы басқа жоғары оқу орындарының студенті атанады.

Мен Шалқар қаласынан келдім. География пәні бойынша бағымды сынап көремін. Дайындығымыз өте жақсы болды. Ұстаздарымыз барынша оқытып, үйретті. Бірақ республикалық олимпиада болғаннан кейін сәл қобалжу бар. Дегенмен ең үздік жоғары оқу орындарының біріне түсемін бе деп үміттенемін. Аудан, ауыл балалары үшін мұндай мүмкіндіктерді ұсынған «IQanat» қоғамдық қорына алғыс айтамын. Іріктеуден өткеніме қуанып тұрмын, — дейді Еркеназ Иманқұлова.

Республикалық олимпиадаға жолдама алған оқушыларды Ақтөбе қаласының теміржол вокзалынан мұғалімдері, ата-аналары шығарып салды.

Самат ЕСЕНҚҰЛ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button