Жаңалықтар

Тағылымды кездесу

Өлкетану

«Анаға тағзым» орталығында «Өз жеріңді танып, біл!» жобасы аясында Сапура Мәтенқызына арналған  тарихи-танымдық кездесу кеші өтті.

«Сапура Мәтенқызы — аты аңызға айналған тарихи тұлға»  атты шараға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті тарих факультетінің аға оқытушысы Ж.Оразаева, «Мой город на белом холме» телевизиялық документалды сериалдың бас редакторы, Ақтөбе облысының «Естелік Кітабы» телевизиялық тарихи-документалды сериалының редакторы Р.Балдығарина,  Қобда ауылдық музейінің меңгерушісі Г.Ерғалиева, сондай-ақ аналар кеңесінің мүшелерімен оқушылар қатысты.

Кездесу барысында кеш қонақтары Сапура Мәтенқызы туралы деректермен бөлісіп, елдік намысты биік қойған батыр қыздың бейнесін ашты.

Сапура Мәтенқызы сонау он сегізінші ғасырда, нақтылап айтар болсақ, 1753-1776 жылдар аралығында өмір сүрген. Тарихи деректерге сүйенсек, 1775-1776 жылдар қазақ халқының, әсіресе Кіші жүз аумағының Емельян Пугачев көтерілісінен кейінгі қанқұйлы жазалаулардың зардабын тартып, ел еңсесі түскен шағы екен. Сапура заты әйел болғанымен, көңіл көкжиегі кең, алысты болжайтын ақылмандығын осы тұста байқатады. Ол тарыққан, әрі қамыққан халқына пана болуды ойлайды.

1775 жылдың күзінде Елек, Қобда өзендері сағасында отырған табын, тама руларының халқы атқа мініп, ереуілге шығады. Бұл қозғалыс тарихта «Көктемір көтерілісі» деген атқа ие болады. Сол ереуілдің дем берушісі де, қозғаушысы да Сапура Мәтенқызы болады.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button