Жаңалықтар

20 жасөспірім есепке алынды

Ақтөбеде «Демалыс» атты республикалық жедел профилактикалық шарасы өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ювеналды полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен шараның басты мақсаты — жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ теріс қылықтармен айналысатын жасөспірімдерді анықтап, оларға дер кезіңде шара қолдану.

Іс шара барысында кәмелетке толмаған жеткіншектердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында ата-ананың қадағалауынсыз жүру фактілерін анықтауға баса мән берілді. Полиция бөлімдеріне 300-ден аса кәмелетке толмағандар жеткізіліп, оның ішінде түнгі уақытта баласының қараусыз көшеде жүргені үшін 373 ата-анаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. 6 ойын-сауық орны жауапкершілікке тартылды.
20 жасөспірім және 39 жайсыз отбасы есепке алынды.
Сондай-ақ полиция бөлімдерінде тұрған кәмелетке толмағандарды «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жазғы демалыста жұмысқа орналастыру және жазғы лагерьлерге демалуға жіберу жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
Қазіргі таңда кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз беймезгіл түнгі уақытта жүруі, балалардың іс-түссіз жоғалу фактілері жиі кездеседі. Балалардың бос уақытын тиімді өткізу, оларды бақылап, қадағалау — ата-ананың басты міндеті. Сондықтан полиция өкілдері құқықбұзушылыққа жол бермеуге шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button