Жаңалықтар

Референдумға қатысу — әркім үшін маңызды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің кездесуіне қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы ҚР Конституциясына толықтыру енгізуге байланысты өтетін алдағы референдум жайы болды.

Облыс әкімі қоғамдық кеңес мүшелерін осы күндері аймақ тұрғындары, еңбек ұжымдары арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге шақырды.

«Әрбір ақтөбелік өзінің референдумға қатысудағы рөлін білуге тиіс. Конституцияға түзету енгізу пакетіне негізгі саяси институттарды құрылымдық өзгертулер кіреді. Облыстың әрбір тұрғыны елдің болашағы, өзінің болашағы, туған-туысқандарының болашағы оның таңдауына байланысты екенін түсінуге тиіс», — деп атап өтті облыс басшысы.

Тұрғындарды референдум туралы ақпараттандыру жұмыстары 20 мамырда басталған. Үйлерге референдумның өтетін күні мен учаскелердің мекенжайы жазылған кітапшалар таратылып, көшелер мен қоғамдық орындарда үгіт плакаттары ілінді.

Ақпарат күн сайын ЛЭД-экрандарға шығып, бұқаралық ақпарат құралдарында да жарияланатын болады. Дауыс беру 5 маусым күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-де басталып, кешкі сағат 20.00-де аяқталады. Келесі жеті күнде Референдумның орталық комиссиясы шараны қорытындылайды.

Дауыс берушілердің тізімін Telegram қосымшасы, колл-орталықтар арқылы немесе облыстық әкімдіктің сайтында нақтылауға болады. Онда референдум өтетін учаскені іздеуге арналған онлайн-сервис бар. Жалпы, облыс бойынша 531 сайлау комиссиясы бар, оның 14-і аумақтық, 517-сі учаскелік, соның ішінде 15-і жабық, яғни ауруханаларда, арнайы мекемлерде және басқа ұйымдарда құрылған. ​

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button