Жаңалықтар

Абай әндері шырқалды

Қала күніне орай Абай ескерткіші орналасқан алаңда Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры, «Тарлан» және Ақтөбе гуманитарлық колледждерінің өнерпаздары мерекелік концерт ұйымдастырды.

Мерекелік шарада Абайдың өлеңдері мен қарасөздері оқылып, «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Қараңғы түнде тау қалғып» әндері шырқалды. Сондай-ақ тұрғындар арасында көркемсөз оқудан жарыс ұйымдастырылып, үздіктер марапатталды.

Шарада қала тұрғындары С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы жасақтаған «Ақтөбе, биік сенің мәртебең!» және «Кітап — сарқылмас қазына» тақырыбындағы кітап көрмесін тамашалады.

— Бұл шараны облыстың 90 жылдығына және қала күніне арнап ұйымдастырып отырмыз. Жалпы мамыр айының басынан әр аптаның жұма, сенбі күндері қала тұрғындарына арнап осындай мәдени іс-шаралар өткізіп келеміз. Бүгінгі мерекелік шарада Абайдың, сондай-ақ халық әндерін шырқап, театрландырылған композиция ұсынып жатырмыз. Шараға барлығы 30-ға жуық өнерпаз қатысып отыр, — деді драма театры директорының міндетін атқарушы Жандос Еспанбетов.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button