Жаңалықтар

Қазынашылық міндеттері

Қазынашылық департаменті және оның аумақтық бөлімшелерінің негізгі қызметтері — республикалық және жергілікті бюджеттердің толық және уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар қазынашылық органдары мынадай міндеттерді орындайды: ел Президентінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін жұмыстар атқару; Мемлекеттік мекемелердің және квазимемлекеттік сектор, мемлекеттік сатып алу субъектілерінің қаржылық құжаттарын өңдеу кезінде бюджеттік заңнамалардың, технологиялық процестердің талаптарын сақтай отырып, қазынашылық қызмет көрсету сапасын одан әрі дамыту; Қазынашылықтың ақпараттық жүйелері үшін серверлік жабдықтарды сатып алу жолымен төрт деңгейлік мемлекеттік бюджеттің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету; Қазынашылық органдарында, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, мемлекеттік бағдарламаларды қаржылық және қаржылық емес қолдау операторларына қызмет көрсету бойынша аймақтық қазынашылық бөлімшелерінде қызметінің жұмысын ұйымдастыру; Қазынашылық жүйесінің ақпараттық қорғалуы және ақпараттық қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының талаптарын орындау және сақталуы әрдайым назарда, сонымен қатар заңды және жеке тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін сапалы және уақтылы қарау мақсатында, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қолдану практикасы бойынша тұрақты түрде жұмыстар атқару; Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін әлеуетті өнім берушілердің электрондық депозитарийдегі жұмыс тәжірибесін уақтылы, сапалы қарау; ҚР Қаржы министрлігі жүйесінің аумақтық бөлімшелерінің бюджеттік процестерін оңтайландыру, оның ішінде еңбекақы мен іссапар шығыстарын жоспарлау мен есепке алуды орталықтандыру, «бірыңғай баланс ұстаушы» жобасы шеңберінде активтерді, қорларды беру жұмысын жалғастыру.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы 379-V «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңына сәйкес, бүгінгі таңда «Е-Қаржы» ақпараттық жүйесінде 11 шарт тіркеліп, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша 2 364 732,8 мың теңгеге, ал мемлекеттік сатып алуға қазынашылық сүйемелдеу бойынша 10 объектіге шарттар тіркеліп,  27 556 791,7 мың теңгеге жұмыстар атқарылып жатыр.

Р.МЫҢБАЕВ,

облыстық қазынашылық департаментінің басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button