Жаңалықтар

Жемқорлықпен күрес: бақылау күшейтілді

Мемлекет басшысының Жолдауда жүктеген міндетін орындау мақсатында Ақтөбе қаласының полиция басқармасы Жедел басқару орталығында 1784 ішкі және сыртқы бейнебақылау камерасы орнатылды.

Мекемелерде, полицияның қызметтік үй-жайларында бейнебақылауларды көбірек орнату — ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін азайтуға сеп.  Былтыр «Жаппай бейнебақылау» жобасына сәйкес облыс бойынша  полиция департаменті бөлімшелерінің әкімшілік ғимараттарында 779 бейнебақылау камерасы орнатылған. Жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметтік үй-жайлары, жауап алу бөлмелері, дәліздер, әңгімелесуге арналған үй-жайлар, бөлімшелердің азаматтарды қабылдауға арналған үй-жайлары камералармен қамтылған.

Бүгінде облыс бойынша 230 камера жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметтік үй-жайларында орнатылды.

Айта кету керек, камерадан алынған бейне материалдар аумақтық бөлімшелердің кезекші бөлімдеріне беріледі. Бұл жұмыс қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, тергеу мен анықтау барысында рұқсат етілмеген әдістердің алдын алу, ұсталғандардың құқықтарын бұзбау мақсатында жүзеге асырылып жатыр.

Г.КЕТЕБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button