Жаңалықтар

Шеберлік сағатын өткізді

Кәсіпкер және кәсіп

Ақтөбенің кәсіпкер әйелдері өзара тәжірибе алмасты. Бизнесте жүрген қыз-келіншектер торт пісірудің, тігін тігудің әдіс-тәсілдерін үйреніп, мейрамхана бизнесін қалай жүргізу керек, балаларға арналған қосымша сабақ беретін орталықтардың жұмысын қайткенде жандандыруға болады деген сұрақтарға жауап алды.

Ауылда кәсібін бастаған кәсіпкерлерге арналған шараны Ақтөбе облысының іскер әйелдер қауымдастығы мен облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы жөніндегі комиссиясы биыл төртінші рет ұйымдастырды.Мақсат — бизнес әлемінде  жетістікке жеткен жандармен аудан-ауылдарда тұратын әйелдерді жүздестіру, өзара тәжірибе алмастыру.

— Мұндай шараларда қыз-келіншектер бірнеше бағытта білімін жетілдіреді.Облыстықіскер әйелдер қауымдастығының дәстүрлі шарасына айналған бизнес тур былтыр пандемияға байланысты өткен жоқ. Биыл қатысқысы келіп, ниет білдірген кәсіпкерлер қатары көп болды. Аудандардан келген, ісін енді бастап жатқан кәсіпкерлерге шеберлік сағаттары мен тренинг өткізіп, бизнестегі басты қағидаларды айтатын кәсіпкер қыз-келіншектердің барлығы — өз сүйікті ісінен береке тапқандар. Қазақта «Мың естігеннен бір көрген артық» деген сөз бар. Бизнес тур барысында ауылдық жердегі кәсіпкерлер бизнестегі тәжірибелі бикештермен тікелей жүздесіп, сұрақтарына жауап алды, —дедііскер әйелдер қауымдастығының Ақтөбе облысы бойынша төрағасы Күлшат Масалимова.

Шараға облыстың барлық ауданынан келген 60-тан астам адам қатысты.

— Кәсіпкерлік саласында жүргеніме 20 жылдан асты. Аудан орталығында наубайханамыз бар. Нан, тоқаш және түрлі кондитерлік өнімдерпісіреміз. Кондитерлеріміз күніне 100  торт дайындайды. Одан бөлек кремді торттарға тапсырыс аламыз. Бизнес тур барысында «Samal Cakes» брендінің негізін қалаған Самал Асанованың шеберлік сағатына қатысып, оның цехының жұмысымен таныстым. Шараны ұйымдастырғандарға көп рақмет, — деді Байғанин ауданынан келген кәсіпкер Гүлнар Шанова.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button