Арманым — дизайнер болу
Мен Ақтөбе қаласындағы №31 қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушысымын.
Бос уақытымда іс тігемін.
Жоғары сыныпқа көшкенде болашақ мамандығымызды таңдай бастаймыз. Әркімнің арманы әртүрлі. Бірі инженер, сәулетші болуды қаласа, енді бірі хореограф, музыкант немесе дизайнер секілді шығармашылық мамандықтарға жақын болады. Мұның барлығы жастайынан айналысқан қызығушылығына байланысты деп ойлаймын.
Мен де бала кезімнен қуыршаққа киім тігіп, әртүрлі тақырыпта сурет салғанды жақсы көремін. Болашақта дизайнер болғым келеді. Мектебімдегі көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жұлдыз апайымнан тігін машинасымен іс тігуді үйрендім. Құрақ құрап, көрпе, жастық, әртүрлі дорбалар мен сөмкелер тігемін.
Облыстық «Ақтөбе» газетін отбасымызбен сүйіп оқимыз. Газеттің әр санынан өңірде болып жатқан елеулі оқиғалардан, ізгі істерден хабардар болып отырамыз.
Арайлым МИРАМҒАЛИЕВА.