Жаңалықтар

524 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Ақтөбе облысында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 500 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жөнінде облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді және ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі жиында айтылды.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша облыстағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі 26,5 млн гектардан асады, оның ішінде жайылымдар—  24,8 млн га. Ал айналымдағы ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы көлемі— 12,5 млн га.

Келісім шарттарды мерзімінен бұрын тоқтату арқылы мемлекеттік жер қорына пайдаланылмай жатқан 524,8 мың гектар ауыл шаруашылығы жері, оның ішінде 39,2 мың гектар егістік жер қайтарылды.Облыс әкімі мұндай жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жалғастыруды және олардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету керектігін тапсырды.

Сондай-ақ жиналыс барысында елді мекендерді жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Қазіргі уақытта жайылымдық жерлер көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button